21 желтоқсанда Қазақстанның шығыс бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады

None
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, Қазақстанның шығыс бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашындар әлі тоқтамайды. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді деп күтілуде, боран соғады, көктайғақ болады, тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында боран соғып, кей жерлерде жел 15-22 м/с-ке күшейеді. Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл облыстарында кей жерлерде боран соғып, жел 15-24 м/с дейін күшейеді.

Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-22 м/с дейін күшейеді, Алматы облысында кей жерлерде жер көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде боран, 15-20 м/с жел соғады.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, боран соғады. Атырау, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түседі, Атырау облысында кей жерлерде көктайғақ болады, күндіз 15-20 м/с жел соғады.

Жуырдағы үш тәулікте Қазақстанның сулы нысандарында мұз қалыптасу үрдісі жалғасады, республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысының жекелеген өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін, сең қалыптасады.