21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
00:28, 21 Желтоқсан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, тек оңтүстік және оңтүстік шығыста ауа ағындарының өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерінде, тұман түседі, оңтүстік және оңтүстік шығыста көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл облысында көктайғақ болады.