Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Астана халықаралық әуежайы» АҚ маркетинг бөлімінің басшысы Людмила Копейчук хабарлады.
«2014 жылдың 22-25 мамыр аралығында Астана уақыты бойынша 10.00-ден 13.00-ге дейін ІІІ халықаралық «KADEX-2014» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне дайындық бойынша оқу-жаттығулар өтеді. Сол себепті осы аралықтағы барлық рейстер түстен кейінгі уақытқа ауыстырылды», - деп мәлімдеді Л.Копейчук.
Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Семей мен Шымкентке ұшатын таңғы рейстер тоқтатылады.