10.00-деҮкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы және елді мекендерді газдандыру тақырыптары қаралады.
11.00-де Ұлттық баспасөз клубында Ұлттық баяндаманың тұсаукесері бойынша Республикалық адвокаттар алқасының баспасөз конференциясы өтеді.
11.00-де Астана қаласының Коммуникациялар қызметінде «Кәсіпкерлерді қолдау шаралары, бизнес идеяларға арналған гранттарды жүзеге асыру» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров. Онлайн баспасөз-конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі және Instagram-дағы ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шаралары туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ордабаев Олжас Темірбекұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік қызметке іріктеу мен өткеру процесін жетілдіру мәселелері туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
15.00-де Астана қаласының Коммуникациялар қызметінде «Аллергияның алғашқы белгілері: диагностика және емдеу» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас аллерголог дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, «Қазақ иммунодефициттар қоғамы» ҚБ төрайымы Елена Ковзель. Онлайн баспасөз-конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі және Instagram-дағы ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
19.00-де «St.Regis Astana» қонақүйінде Кувейт мемлекетінің 62 жылдығына орай және азаттығының 32 жылдығына орай іс-шара ұйымдастырылады.
19.00-де Жастар театрында танымал актер Дәурен Серғазиннің режиссерлігімен «Күйеу бала» драмасы қойылады.
19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Ғасырдан да ұзақ күн» драмасы көрсетіледі.
19.00-де «QAZAQSTAN» орталық концерт залында «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Сиқырлы-сазды хор концерт» кешін өткізеді.