22 ақпан. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 22 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

10 1 жыл бұрын (1922-1978) кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1966), Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Мәжит Сапарғалиұлы БЕГАЛИН дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында туған. 1948 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген.

1950-1978 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында режисер болып, өз замандастары туралы «Бұл Шұғылада болған еді» (1955), «Жерге қайта М.Бегалинның оралуы» (1959), «Тұлпардың ізі» (1964) көркем фильмдерді қойды. Ш. Уәлиханов туралы «Оның күні туады» (1957), Б.Момышұлы жайында «Артымызда Мәскеу» сценарий авторы (1967). 1968 жылы Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында өткен Орта Азия мен Қазақстан кино өнері байқауының бас жүлдесі мен 1-дәрежелі дипломы иегері. М. Мәметова туралы «Мәншүк туралы баллада» (1969) секілді тарихи-ғұмырнамалық фильмі Бегалиннің режиссерлік шеберлігін танытты. 1970 жылы Минск қаласында өткен Бүкілодақтық кинобәйгедегі КСРО Қорғаныс минстрлігінің бас жүлдесі иегері. Ресми шығармашылығы туралы «Мажит Бегалин» атты деректі фильм (1981) түсірілген.

Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

6 1 жыл бұрын (1962) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрағасы Жанат Бостанұлы ҚҰРМАНОВ дүниеге келген.

Қарағанды қаласында туған. 1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін физика мамандығы бойынша аяқтады. 1996 жылы Мәскеу қаласында Экономика, менеджмент және құқық институтын экономист мамандығы (мамандануы - банк ісі) бойынша тәмәмдады. 2017 жылы бизнес мектептің бағдарламасы бойынша диплом қорғап, Оксфорд университетін бітірді.

Еңбек жолын 1985 жылы ҚазКСР ҒА Ядролық физика институтында инженер болып бастады. 1988-1996 жылдары Бірлескен ядролық зерттеулер институтында (Дубна, Ресей Федерациясы) жұмыс істеді. 1994 және 1995 жылдары Пенсильвания штатының (АҚШ) университетінде жұмыс істеді. 1996 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 1996 жылдан бастап Қазақстан Республикасының қаржы нарығында жұмыс істейді. 1996 жылғы желтоқсан - 1999 жылғы желтоқсан аралығында «KBS» ЖҮАҚ-та қаржылық басқарма бастығы, қаржы жөніндегі вице-президент, жобаларды басқарушы болып жұмыс істеді. 1999 жылғы желтоқсан - 2002 жылғы шілде аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сақтандыруды қадағалау департаментінде және банктерді және сақтандыруды қадағалау департаментінде басшы лауазымдар атқарды. 2002 жылғы тамыз - 2007 жылғы ақпан аралығында «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ бас директоры, бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2012 жылғы мамырдан бастап - «Қазақстан қор биржасы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2016 жылғы ақпан - 2017 жылғы қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сақтандыру қадағалау департаментіне, банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаментіне басшылық етті. 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болған.

Қазіргі лауазымын 2019 жылғы наурыздан бері атқарып келеді.

4 5 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Нұрланұлы АХМЕТОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған. 1999 жылы - Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген.

Еңбек жолы: 1999-2001 жылдары - ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің кінәрат-қуыным жұмысы бөлімінің жетекші маманы. 2001-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің аға референті. 2007 жылдың қаңтар- қыркүйегі – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары А.Е. Мусиннің кеңесшісі. 2007 жылдың қыркүйегі – 2008 жылдың қазаны – Қазақстан Республикасы Парламент Мәсіжілісі төрағасының хатшылығы меңгерушісі. 2008 жылдың қазаны – 2011 жылдың мамыры – ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлім меңгерушісінің орынбасары. 2011 жылдың мамыры – 2014 жылдың тамызы - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы. 2014 жылдың тамызы – 2019 жылдың тамызы - ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары. 2019-2020 жылдары - Ұлттық экономика министрлігінің бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті төрағасы.

Қазіргі қызметін 2020 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді.

44 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Әли Сапарғалиұлы АЛТЫНБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген (2000); Тұран университеті (2015).

Еңбек жолы: Салық комитетінің Есік қаласы, Еңбекшіқазақ облысы бойынша жанама салықтар басқармасы салық инспекторының міндетін атқарушы (05.2001-10.2001); Салық комитетінің Есік қаласы, Еңбекшіқазақ облысы бойынша жанама салықтар басқармасының салық инспекторы (2001-2002); Салық комитетінің Еңбекшіқазақ облысы бойынша тексеру басқармасының салық инспекторы (2002-2005); Салық комитетінің Еңбекшіқазақ ауданы бойынша аудит басқармасының жетекші салық инспекторы (2005-2007); Салық комитетінің Еңбекшіқазақ облысы бойынша тексеру басқармасының бас салық инспекторы (02.2007-04.2007); Салық комитетінің Еңбекшіқазақ облысы бойынша жанама салықтар басқармасының басшысы (2007-2008); Еңбекшіқазақ облысы бойынша Салық басқармасының аудит бөлімінің бастығы (2008-2009); Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Талдықорған қаласы бойынша Салық аудиті басқармасының заңды тұлғалардың аудиті бөлімінің бастығы (2009-2010); Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық басқармасының жеке кәсіпкерлердің ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің басшысы (04.2010-05.2010); Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің Жетісу ауданы бойынша Салық басқармасының Кедендік одақ шеңберіндегі жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бастығы (06.2010-09.2010); Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің ҚҚС әкімшілендіру басқармасының бастығы (2010-2011); Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің Салық аудиті басқармасының бастығы (2011-2012); Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің Бостандық ауданы бойынша Салық басқармасы басшысының орынбасары (2012-2013); Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің Бостандық ауданы бойынша Салық басқармасы басшысының орынбасары (2013-2014); Камералдық бақылау департаментінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы (2014-2015); Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аудит басқармасының басшысы (06.2015-12.2015); Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы (2015-2017); Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы (2017-2019); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары (2019-2020); Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу басқармасының бастығы (2020-2021); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы (2021-2022).

2022 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.