22 ақпанда ел аумағында бұрқасын, көктайғақ күтілуде

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 ақпанда Қазақстанның кей жерлерінде  атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты аздап қар жаууы ықтимал, тек  оңтүстік өңірлерде жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып,  бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Ақмола, облыстарының кей жерлерінде  тұман  түседі, жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді, түнде екпіні 25 м/с болады.

Алматы облысының кей  жерлерінде түнде тұман  күтіледі, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді.

Жамбыл облысының жекелеген аудандарында тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман. Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ  болады.

 Батыс Қазақстан облысының  кей жерлерінде  желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде  желдің екпіні жаяу бұрқасынмен 18 м/с болады.

Қостанай облысының  кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 17-22 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жел тұрып, бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады.

Түнде Павлодар облысынының кей жерлерінде бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, түнде  желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін,  желдің жылдамдығы 15-20м/с жетеді.