22 ақпанда елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 22 ақпан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де PrimeMinister.kz сайтында Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мәселелері қаралады. Үкімет отырысының қорытындысы бойынша, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ю. Ильиннің, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешевтің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ. Өскенбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

10.00-де Sheraton Nur-Sultan қонақ үйінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің туризм саласы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтеді.

Отырысқа ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметінің өкілдері, министрліктің қоғамдық кеңесінің мүшелері, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ, облыстық туризм басқармаларының басшылары, бизнес және туристік қоғамдастық өкілдері қатысады.

11.00-де офлайн және онлайн режимде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алқа отырысы өтеді.

Шара барысында агенттіктің 2021 жылғы атқарған жұмыстарының қорытындысы шығарылады.

Алқа отырысының онлайн трансляциясы агенттіктің Youtube арнасында көрсетіледі.

11.00-де «Есіл» ауданының полиция басқармасында «Пәтер иелері кооперативімен, қызмет көрсететін ұйымдармен және көппәтерлі үй тұрғындарының чаттарымен өзара іс-қимыл бойынша жұмыс» тақырыбында брифинг өтеді.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Жаңа Қазақстанды құру жағдайында қоғамдық келісім мен қоғамдық-саяси өзгерістердің тиімді форматын қалыптастыру» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтеді.

Кездесуге ҚР АҚДМ азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет; «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев; «Рухани жаңғыру» қоғамдық зерттеулер орталығының жетекшісі Қазбек Майгелдинов; Қазақстан Азаматтық Альянсы ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева; Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов; «Экологиялық ұйымдар Қауымдастығы» ЗТБ төрайымы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау мен бағалаудың арнайы мониторингтік тобының жетекшісі Айгүл Соловьева; Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі, Жастар ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары Элина Паули қатысады.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.

АЛМАТЫ

10.00-де Rahat Palacе қонақ үйінде «Мегаполис өмірі мен экономикасын қалпына келтіру келешегі» тақырыбында Women in Business форумы басталады.

11.00-де Алматыдағы Мәжит Бегалин атындағы №120 мектеп-гимзаниясында атақты режиссердің 100 жылдық мерейтойына арналған мерекелік концерт өтеді.