22 ақпанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде қар түсіп, жел күшейіп, боран соғып, жер көктайғақ болады, тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Қарағанды облысында 15-20 м/с дейін жел күшейеді, кей жерлерде жел екпіні 25 м/с дейін жетеді. ШҚО-да боран соғады, желдің күші 17-22 м/с құрайды. Жамбыл, ОҚО, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-23 м/с дейін күшейе түседі. Ақмола, Ақтөбе облыстарының кейбір жерлерінде боран соғып, тұмен түседі деп күтілуде, желдің күші 15-20 м/с жетеді. СҚО, Павлодар облыстарында боран соғады. Қостанай облысында күндіз кей жерлерде жел күшейді, түнде жаяу борасын соғады. Алматы облысында тұман түседі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жерді мұз басуы ықтимал. Алдағы үш күнде оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерде су деңгейінің тербелуі байқалады. Сырдария өзенінде ауа температурасының төмендеуіне байланысты мұз қатып, су деңгейі тербелуі мүмкін.