22 қаңтарда елдегі қай жолдарда қозғалыс шектелді

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 22 қаңтар сағат 08:00–дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолда дизель қозғалтқышымен жүретін көліктер мен қоғамдық көлік қозғалысы шектелді.

Қостанай облысы

• «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолы, 555-729-шақырым (Тобыл қаласы — СҚО шекарасы учаскесі);

• «Мамлютка — Қостанай» автожолы, 180-403-шақырым (Заречный кенті — СҚО шекарасы).

Ақмола облысы

• «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолы, 304-341-шақырым (Көкшетау қаласы — СҚО шекарасы);

• «Көкшетау — Кішкенекөл — Бидайық — РФ шекарасы» автожолы, 14-50-шақырым (Көкшетау қаласы — СҚО шекарасы);

• «Көкшетау — Рузаевка» автожолы, 0-61-шақырым (Көкшетау қаласы — СҚО шекарасы);

• «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолы, 856-915-шақырым (Жақсы кенті — СҚО шекарасы);

• «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолы, 595-552-шақырым (СҚО шекарасы — Сұрған кенті).

Павлодар облысы

«Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы көлік айрығының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» айрығы учаскесінде Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол жабық.

Еске салайық, синоптиктер 22 қаңтарға Қазақстанның 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жасады.