22 қаңтарда қазақстанның көптеген бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі
Алматы облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында желдің 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде бұрқасын болады, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін өседі. Күндіз Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын болып, желдің күші секундына 15-20 м/с-қа дейін, жел екпіні - 25 м/с-қа дейін жетеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарының кейбір жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді, күндіз Атырау облысының кейбір жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Маңғыстау облысының кейбір жерлерінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қостанай, Ақтөбе облыстарының кейбір жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Қостанай облысында жел екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.