22 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
9.30-да Radisson by Park-Inn Hotel қонақүйінде «Қазақстандағы электрондық қалдықтарды басқару: қазіргі жағдай және алдағы қадамдар» ұлттық форумы өтеді.
10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы және 2022 жылы АӨК-ті сумен қамтамасыз ету қорытындысы қаралады.
10.00-де «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз орталығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2022 жылдың 9 айының қаржы көрсеткіштеріне арналған брифинг өтеді.
10.00-де The St. Regis Astana қонақүйінде «Қазақстанның іскерлік әлемі» атты республикалық салық форумы өтеді.
10.30-да Есіл аудандық полиция басқармасында Алматы ауданы аумағында ұрлыққа қарсы күрес саласындағы жедел жағдайды тұрақтандыру және криминогендік ахуалдың жай-күйін бақылауды күшейту жөнінде брифинг өтті.
19.00-де Жастар театрында «Ревизор» трагифарсы қойылады.