Сағат 11:00-де ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі алаңынан онлайн форматында брифинг өтеді. Брифинг тақырыбы: «Киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл». Іс-шара барысында ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрмағамбетов Қанат Базарбайұлы елдегі киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл жайында баяндап, БАҚ өкілдері тарапынан түскен сауалдарға жауап береді. Сонымен қатар брифинг кезінде бір апта ішіндегі елімізде орын алған қылмыстарға, жалпы ішкі істер органдарында орын алған жаңалықтарға қатысты мәліметтер жария етіледі.
Сағат 22:30-да Хабар телеарнасында «Ұлттық мүдде» ток-шоуы басталады.