22 қазан күні Астанада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 22 қазанда болатын маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

Фото: Kazinform

АСТАНА
09:30-да «Қазақстандық Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы) «KHC Workshop 2024» шарасын өткізуді жоспарлап отыр.
10:00-де IV Халықаралық фармацевтикалық форум «Global Pharm» басталады.
11:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейінде Республика күніне арналған «Шырқа, даусым» дәстүрлі әндер байқауы өтеді.
14:00-де «Астана» халықаралық қаржы орталығының сотында МХҚО судьяларының қатысуымен «AIFC Court Moot» жыл сайынғы студенттік сот процестері байқауы өтеді.
15:00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы басталады.