22 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 22 қазан күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Astana Hub халықаралық технопаркінде IT-индустриясының мамандарына арналған астанадағы EPAM INSIDER KAZAKHSTAN-2022 конференциясы өтеді.

12.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Ұлттың ұлы ұстындары» шығармашылық конкурсының қорытынды көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 25 қазан Республика күніне орай «РЕСПУБЛИКАМ МЕНІҢ!» тақырыбында жоғары сынып оқушылары мен студенттер арасында қалалық жыр мүшайрасының қорытындысы өтеді.

18.00-де «Астана Опера» театрының труппасы гастрольдік өнер көрсету аясында «Астана Балет» театрының сахнасында «Жизель» балет спектаклін ұсынады.