22 қазанда елдің бірнеше өңірінде ауа райы күрт бұзылады

АСТАНА. KAZINFORM - 22 қазанда Қазақстанның 17 облысы мен Астанада ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Фото: акимат Алматы

Синоптиктер жауын-шашын, көктайғақ, боран, тұман, қатты жел мен үсік болатынын болжайды. Бірқатар өңірде өрт шығу қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады. 

Астана қаласында 22 қазанда солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–18 метрге жетеді.

Ақтөбе облысы. 22–24 қазанда облыстың шығысында өрт шығу қаупі жоғары, ал батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше деңгейде сақталады.

Алматы облысы. Батысында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні кей уақытта секундына 23–28 метрге дейін күшейеді. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.

Атырау облысы. Өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында қауіп төтенше деңгейге жетеді.

Абай облысы. Жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында боран соғады. Түнде және таңертең оңтүстігінде тұман түседі. Батысында, солтүстігінде және орталығында батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге, кей уақытта 23 метрге дейін жетеді.

Ақмола облысы. Облыстың солтүстігі мен шығысында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысы. Жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында қалың қар жауады. Батысында, солтүстігінде және шығысында боран соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл облысы. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Түнде таулы аудандарда, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Жетісу облысы. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Облыстың оңтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге, Алакөл көлдері ауданында кей уақытта 23–28 метрге дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Шығысында өрт шығу қаупі төтенше, оңтүстігінде жоғары деңгейде сақталады.

Батыс Қазақстан облысы. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Батысында, оңтүстігінде және шығысында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Қарағанды облысы. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз солтүстігі мен шығысында батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыстың батысында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Қостанай облысы. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Қызылорда облысы. Күндіз облыстың шығысы мен орталығында шаңды дауыл соғады. Бұл аудандарда солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде облыстың шығысы мен орталығында 2 градусқа дейін үсік жүреді. Өңірде өрт шығу қаупі төтенше, солтүстігінде жоғары деңгейде сақталады.

Маңғыстау облысы. Облыстың орталық бөлігінде өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Павлодар облысы. Жаңбыр мен қар жауады. Облыстың оңтүстігі мен орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Түнде облыстың батысында, күндіз өңір бойынша солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы. Шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады, солтүстігінде аздаған жауын-шашын болады. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге, екпіні 25 метрге дейін жетеді.

Түркістан облысы. Таулы аудандарда тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында 2 градусқа дейін үсік жүреді. Солтүстігінде, батысында және орталығында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Ұлытау облысы. Облыстың батысы мен орталығында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Өңір тұрғындары мен қонақтарына сапар жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеріп, жолдарда сақ болу және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау ұсынылады.