22 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 22 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Wyndham Garden Astana қонақ үйінде экономикалық қауіпсіздік, комплаенс және іскерлік этика саласындағы Қазақстандағы ең ірі жиын – Compliance & Security Forum форумы өтеді.

10.00-де Конгресс орталықта Қазақстан машина жасаушыларының X форумы өтеді. Форумның тақырыбы: «Қазақстанның машина жасау саласы: Уақыттың жаңа талабы».

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.

10.00-де Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.

10.00-де Rixos President Astana қонақ үйінде International Education Fair 2022 халықаралық білім беру көрмесі өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінде Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Кәсіптік біліктілік туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының таныстырылымын өткізеді.

10.00-де Radisson Hotel Astana қонақ үйінде «ASMAR – бірлік дәстүрлері» Әйелдер кәсіпкерлігінің халықаралық конгресі өтеді.

11.00-де ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтеді. Онда кезектен тыс президент сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіледі.

11.30-да Назарбаев Университеті Медицина мектебінде «Transplantation in Central Asia: Innovation, Cooperation, Compassion» халықаралық конференциясының аясында брифинг өтеді.

Аталған шара алғашқы донорлық жүрек трансплантациясының 10 жыл толуы мен Қазақстанда алғаш рет бала бүйрегін ауыстыру операциясы орын алуына арналады.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан машина жасаушыларының X форумы: атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен жоспарлары туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Оспанов Ілияс Есетұлы, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ атқарушы директоры Ержанов Өмірсерік Күзтайұлы.

Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер: ҚР Ішкі істер министрі Ахметжанов Марат Мұратұлы.

Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.

15.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті кітапханасының оқу залында Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы тапсырысымен қазақ тіліне алғаш рет аударылған «Блокчейн технологиясы», «Криптовалюталар дәуірі», «Ақиқат машинасы» және «Ақшаның қысқаша тарихы» атты әлемдік танымал кітаптардың ресми тұсаукесері өтеді.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Алтайдан ауған ел» қойылымы көрсетіледі.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясы сахналанады.

19.00-де Номад Сити Холл сахнасында «Көңілді Тапқырлар Алаңы» республикалық байқауы өтеді.







Фото: www.istockphoto.com