Тек республиканың батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.
Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с шаңды дауылмен бірге сақталады. Батыс Қазақстан, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с болады. Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 2 градусқа дейін үсік сақталады.