«2021 жылғы 22 мамырда Нұр-Сұлтан және Теміртау қалаларында ауа ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады» делінген кәсіпорын таратқан хабарламада.
Басқа қалаларда метеорологиялық ахуал бірқалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.