22 маусым. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
22 маусым, ЖҰМА
Еске алу және аза тұту күні. Ұлы Отан соғысының басталған күні (1941). 71 жыл бұрын (1941) Германия Кеңес Одағына басып кірді. Дәл осы күні Ұлыбританияның Премьер-Министрі У.Черчиль фашистік Германияға қарсы соғыста Кеңес Одағына қолдау көрсететіндігін мәлімдеді. Қазақстаннан майданға 1 196 164 адам аттанды.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
20 жыл бұрын (1992) Қазақстан мен Қытай арасында темір жол магистралі ашылып, «Жібек жолы» халықаралық жолаушылар пойызы Алматыдан Үрімшіге сапар шекті.
14 жыл бұрын (1998) Қытайда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Абай туралы сөз» атты кітабы жарық көрді.
18 жыл бұрын (1994) А.Селезнев атындағы Алматы би өнері училищесінің негізінде Алматы би өнері мектебі ұйымдастырылды. Екі жылдан кейін мектеп Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының құрамына би өнері факультеті болып қосылды.
13 жыл бұрын (1999) Петропавл қаласының театр алаңында Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткіші ашылды.
123 жыл бұрын (1889) Германияда әлемде алғаш рет зейнет жасына байланысты зейнетақы беріле бастады.
7 жыл бұрын (2005) Елбасы «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметi арасындағы Техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы» Заңға қол қойды.
6 жыл бұрын (2006) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге бағытталған.
6 жыл бұрын (2006) Астанадағы Ресей мәдениет және ғылым орталығында профессор, «Мемориалды аймақ» іздестіру тобының жетекшісі Майдан Құсайыновтың «Үміт» мемориалдық аймағы» атты еңбегінің таныстырылымы болды. Аталмыш еңбекте Ленинград шайқасы кезінде қаза болған жауынгерлерді іздестіру жұмыстары бойынша барлық материалдар топтастырылып, «Үміт» мемориалды аймағында орнатылған жол нұсқаушы белгілер, жеке заттары бойынша табылған 404 жауынгердің есімдері, сондай-ақ ТМД елдеріндегі 67 іздестіру тобының тізімі берілген. Іс-шара барысында іздестіру тобының бірқатар мүшелері мақтау қағаздарымен марапатталып, кейбір журналистер «Мемориалды аймақ» тобының арнайы алқасына ие болды. Айта кетер жәйт, Майдан Құсайынов 17 жыл бойы Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде құрылған «Мемориалды аймақ» іздестіру тобына жетекшілік етіп келеді. Осы уақыттың ішінде аталмыш топтың бастауымен жүздеген жауынгердің мәйіті табылып, көпке дейін беймәлім болып келген есімдер анықталды. Оның айтуынша, кітап жазылғаннан бері Ленинград түбінде тағы 33 жауынгердің мәйіті табылды.
2 жыл бұрын (2010) Алматыда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік саласында болып жатқан экономикалық үрдістерді талдаудың геоақпараттық жүйесін іске қосты. Бұл жүйе қор қызметі, шағын және орта кәсіпкерлік саласы мен макро және микроэкономикалық үрдістер жайындағы өзекті деген барлық статистикалық және микроэкономикалық үрдістер жайындағы өзекті деген барлық статистикалық және талдамалық ақпаратты интерактивті түрде ұсынатын бірегей жүйе болып табылады.
ЕСІМДЕР
223 жыл бұрын (1789-1865) испандық саяси қайраткер, жазушы ГАЛЬЯНО Антонио Алькала дүниеге келді.
82 жыл бұрын (1930-1999) мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистiк Еңбек Ері ӘУЕЛБЕКОВ Еркін Нұржанұлы дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысында туған. Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясын бітірген.
Солтүстік Қазақстан облысындағы совхоздың директоры, облыстық депутаттар кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы, Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, Көкшетау және Торғай облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшысы, Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған.
Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қазан көтерілісі ордендерімен және медальдармен марапатталған.
67 жыл бұрын (1945) актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ЖМЕРЕНЕЦКАЯ Нина Леонидовна дүниеге келді.
Молдова Республикасында туған. Кишинев мемлекеттік өнер институтын бітірген.
1969-1970 жылдары Санкт-Петербор музыкалық комедия театрында, Фрунзенің Республикалық драма театрында қызмет атқарған. 1971 жылдан - М.Ю.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртісі.
Театр сахнасында Виктоша, Валя (А.Арбузовтың «Ескі Арбат ертігісі» және «Иркутск оқиғасында»), Лизка, Анфиса (Ф.Абрамов бойынша «Екі қыс бен үш жаз», «Үйінде»), Валентина (А.Вампиловтың «Чулимскдегі өткен жылғы жазында»), Наташа (А.Гельманның «Наедине со всеми»), Анна (А.Галин «Таңертеңгі аспандағы жұлдызында»), Пипа Заречная (А.Чеховтың «Шағаласында»), Людмила (А.Островский «Кешіккен махаббатында»), Гитель (У.Гибсонның «Двое на качелях»), Жанна (Ж.Ануяның «Бозторғайында») рөльдерін сомдаған.
«Мутанты», «Печать сатаны», «Пищеварский вальс», «Ангелочек», «Секер», «Перекресток» атты кинофильмдерде ойнаған.
Қазақ КСР Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты.
81 жыл бұрын (1931-2009) Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы, Өскемен қаласының құрметті азаматы АЛЕКСЕЕНКО Николай Владимирович дүниеге келді.
Өскемен қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген. 1955-1956 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің нұсқаушысы. 1956-1987 жылдары - Өскемен педагогикалық институтының оқытушысы, доценті, профессоры. 1987-1992 жылдары - Целиноград педагогикалық институтының ректоры. 1993-1997 жылдары - Шығыс Қазақстан гуманитарлық институтының ректоры. 1997-1999 жылдары - Жол-құрылыс институтының профессоры болған.
Негізгі ғылыми жұмыстары Қазақстанның тарихи демографиясына, 18-20-шы ғасырлардағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған. Оның жетекшілігімен 16 кандидаттық дисертация қорғалған.
«Құрмет белгісі» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
51 жыл бұрын (1961) ғалым, Халықаралық Сорос қоры сыйлығының лауреаты ЖӘРЕКЕШЕВ Иса Хасенұлы дүниеге келді.
Ақтөбе облысының Байғанин ауданында туған. Мәскеу физика-техника институтын, КСРО Ғылым Академиясы Адольф Иоффе атындағы Ленинград физика-техника институтының аспирантурасын бітірген.
40-тан астам ғылыми еңбектің авторы. АҚШ, Германия, Жапония, Францияда өткен халықаралық конференцияларға, симпозиумдарға қатысқан. Американ және неміс физика қоғамдарының мүшесі. 1990 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Эксперименттік физика ғылыми-зерттеу институтында ғылыми-педагогикалық жұмыспен айналысады.
55 жыл бұрын (1957) Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі ЫСҚАҚ Бинәлі Әбдіқапасұлы дүниеге келді.
Қазақ политехникалық институтын, Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген.
Түрген механикалық зауытында шебер, Инженерлік-техникалық орталықтың директоры, «Жарсу» кеңшары партком хатшысы, «Есік» агрокомбинаты директорының орынбасары, «Ырыс» АҚ президенті, «Ларус» ЖШС бас басқармасының төрағасы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің проректоры, Алматы облыстық қаржы бөлімі бастығының орынбасары, «Қазпошта» филилалының директоры болды. 2011 жылғы сәуірден 2012 жылғы қаңтарға дейін - Жамбыл ауданының әкімі.