22 маусымда Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 22 маусым күні Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«22 маусымда Шымкент қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді»,-делінген хабарламада. Ал қалған қалалардағы ауа сапасы жақсы болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.