«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с артады.
Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болжанады.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.