22 наурызда Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні, 22 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді. Республиканың шығысында, оңтүстік-шығысының кейбір жерлерінде күн ашық болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Ақмола, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 15-23 м/с.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады.

Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.