22 сәуірге арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс бөлігінің кей жерлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, қалған аймақтарында атмосфералық фронттардық өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады: кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды; тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Батыс Қазақстан, күндіз Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.