Республиканың бірқатар аймақтарында жел күшейеді. Ақмола облысында түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-22 м/с-қа дейін барады. Ал Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар жерлерінде екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Күндіз Шығыс Қазақстан облысында, Алматы, Жамбыл облыстарының кей аймақтарында қатты ыстық болады.
05:21, 22 Шілде 2014
22 шілде күні республиканың басым бөлігінде жел күшейеді - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігінде 22 шілде күні ауа райының тұрақсыздығы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы «Қазгидометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.