22 шілде: Туған күн иелері

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 22 шілдеге арналған «Туған күн иелері күнтізбесін» ұсынады.

ЕСІМДЕР

80 жыл бұрын (1939) әнші, Қазақстанның халық әртісі,профессор Лаки Константинович КЕСОГЛУ дүниеге келді.

Грузияның Батуми қаласында туған. Алматы консерваториясын бітірген. 1967жылдан осы консерватория жанындағы опера студиясында жұмыс істеген. 1972 жылданҚазақстан теледидары мен радиосының әншісі болды. Осы жылдан бастап ол отандықжәне бүкілодақтық радио мен теледидар арқылы танылды. Қазір Т.Жүргенов атындағыҚазақ ұлттық өнер академиясында дәріс береді.

59 жыл бұрын (1960) ҚазақстанРеспубликасы Парламент Сенатының депутаты - Қаржы және бюджет комитетініңмүшесі, физика-математика ғылымдарының кандидаты Сергей Викторович ПЛОТНИКОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Саратов политехникалық институтынбітірген.

Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданының әкімі, Шығыс Қазақстан облысыәкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдан - Шығыс Қазақстаноблысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Екі медальмен марапатталған.

50 жыл бұрын (1969) Еуразияэкономикалық комиссиясының Бәсеке және монополияға қарсы реттеу алқасыныңмүшесі (министрі) Серік Мақашұлы ЖҰМАНҒАРИН дүниеге келді.

1993 жылы Мәскеу энергетика институтын «жылуфизикасы» мамандығы бойынша, 1997 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қазақ мемлекеттікуниверситетін «қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы «Тынай» ШЖК коммерциялық директорықызметінен бастады. 1994–1995 жылдары «Медкорп» ШЖК директоры болып жұмысістеді. 1995-1998 жылдары «АСБ» ШЖК бас бухгалтері, директоры болды. 1998–2000жылдары «Атырау МӨЗ» АҚ өкілдігінің директоры қызметін атқарды. 2000–2003жылдары «Компания Global» ЖШС коммерциялық директоры. 2003–2004 жылдары –«Батыс Ойл Газ» Корпорациясы» ЖШС бас директоры. 2005–2006 жылдары – Ақтөбеқаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары. 2006жылғы сәуірде бастап желтоқсанға дейін – Ақтөбе қаласының Кәсіпкерлік бөлімініңбастығы. 2006–2007 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігініңАқтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары. 2007–2008 жылдары – ҚРТабиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармабастығы. 2008 жылғы наурыздан маусымға дейін – ҚР Табиғи монополияларды реттеуагенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры. 2008 жылғымаусымнан 2010 жылғы сәуірге дейін – ҚР Индустрия және сауда министрлігі Саудакомитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаменті директоры. 2010жылғы сәуірден маусымға дейін – «Қазақстандық Келісімшарт агенттігі» АҚБасқарма төрағасының орынбасары. 2010 жылғы шілдеден 2011 жылғы қарашаға дейін– «NadLoc» жергiлiктi қамтуды дамыту жөнiндегi ұлттық агенттiгі» АҚБасқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары. 2012 жылғы наурызданшілдеге дейін – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және саудаминистрлігінің Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментініңдиректоры. 2012 жылғы шілдеден 2013 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан РеспубликасыЭкономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму комитетінің төрағасы.2013 жылғы қаңтардан 2014 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасы Өңірлікдаму вице-министрі лауазымдарын атқарды. 2014 жылғы тамыздан 2017 жылғықаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғимонополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің төрағасылауазымын атқарды. ҚазақстанРеспубликасының Ұлттық экономика вице-министрі (2017-2019).

Қазіргі қызметіне 2019 жылғы мамырда тағайындалды.

40 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистикакомитетінің төрағасы Нұрболат Серғалиұлы АЙДАПКЕЛОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының«Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді. 2002 жылы Қазақгуманитарлық-заң университетін «Заңтану» мамандығы бойынша тәмамдады.

2001 жылдың қаңтар айынан 2003 жылдың қараша айына дейін ҚР Статистикаагенттігінің «Ақпараттық-есептеу орталығында» РМҚ жұмыс істеді. 2003-2007жылдары аралығында «Мемлекеттік экспорттық кредиттер және инвестициялардысақтандыру корпорациясы» АҚ бас маманы, Қаржы департаментінің директоры болыпжұмыс істеді. 2007-2008 жылдары «ҚазАгро «ҰҚ» АҚ басқарушы директор. 2008-2009 жылдары«ҚазАгроГарант» АҚ басқарма төрағасы. 2009 жылдың шілдесінен бастап желтоқсанғадейін «Astana Knowledge City» АҚ консультанты. 2009-2011 жылдары ҚР Статистикаагенттігі төрағасының орынбасары. 2011-2013 жылдары ҚР Статистика агеттігінің жауаптыхатшысы, 2013-2014 жылдары ҚР Статистика агенттігі Әлеуметтік жәнедемографиялық статистика департаментінің директоры. 2015 жылдың қаңтар айынан2016 жылдың мамыр айына дейін түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылыққызметтерді атқарды.

2016 жылғы 26 мамырдан бастап - ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің төрағасы.

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, «Қазақстан РеспубликасыныңТәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгісімен марапатталған.

37 жыл бұрын (1982) ҚазақстанРеспубликасы Президенті Әкімшілігі басшысының хатшылығының меңгерушісі Ақмарал Әділқайырқызы БАЙТЕМІРОВАдүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заңуниверситетін (2003); Қазақ гуманитарлық заң университетінің магистратурасын(2005); Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызметакадемиясын (2011) бітірген.

Еңбек жолы: мемлекеттікемес секторда әртүрлі лауазымдарды атқарған; ҚР Индустрия және жаңатехнологиялар министрлігінің қызметкері; ҚР Премьер-Министрі орынбасарыныңкеңесшісі; Астана қаласы әкімі хатшылығының басшысы.

Қазіргі лауазымын 2018жылдың қарашасынан бері атқарып келеді.

Соңғы жаңалықтар