«Өрттен тазарту бойынша жүргізілетін жұмыстарды қоспағанда, Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде майқарағайды санитариялық мақсатта кесуге тыйым салынсын», - деп жазылған Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қол қойған бұйрықта.
Тыйым 22 шілдеден бастап күшіне енеді.
Қоса кетсек, Шығыс Қазақстанда алдағы үш жылда 500 мыңға жуық ағаш отырғызылады.
Бұрын хабарлағанымыздай, 10 маусымнан бастап елімізден жекелеген ағаш түрлерін экспорттауға тыйым салынды.