— Осыған байланысты 22 шілде күні Астана уақытымен сағат 03:00–ден 17:00–ге дейін еліміз бойынша ұлттық жерсеріктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадио хабарларын тарату желілерінде телеарналар мен радиостанциялардың берілісі уақытша тоқтатылады. Бұл жұмыстарды жүргізу болашақта тұрақты әрі сапалы хабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз, — делінген хабарламада.