22 шілде. Тұлғалар туған күн

Фото: Kazinform/ Midjourney

Бүгін, 22 шілде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

86 жыл бұрын (1939) әнші, Қазақстанның халық әртісі, профессор Лаки Константинович КЕСОГЛУ дүниеге келді.

Фото: greekmos.ru

Грузияның Батуми қаласында туған. Алматы консерваториясын бітірген. 1967 жылдан осы консерватория жанындағы опера студиясында жұмыс істеген. 1972 жылдан Қазақстан теледидары мен радиосының әншісі болды. Осы жылдан бастап ол қазақстандық және бүкілодақтық радио мен теледидар арқылы танылды. Қазір Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында дәріс береді.

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен, САЕ Перифериясының медалімен (2008) марапатталған. «Тарлан» жоғары музыкалық сыйлығының иегері.

65 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Сергей Викторович ПЛОТНИКОВ дүниеге келді.

Фото: senate.parlam.kz

Шығыс Қазақстан облысында туған. Саратов политехникалық институтын бітірген. Еңбек жолы: 1982-1985 жылдары – «Востокмашзавод» комсомол комитетінің ауысым шебері, аға шебері, хатшысы. 1985-1986 жылдары – Өскемен қалалық комитетінің екінші хатшысы, Шығыс Қазақстан облыстық ҚЛКЖО хатшысы. 1986-1998 жылдары – «Востокмашзавод» АҚ цех бастығының орынбасары, бас технолог, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы. 1998-2003 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының энергетика, индустрия, телекоммуникация және сыртқы экономикалық байланыстар басқармасының бастығы. 2003-2007 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімі. 2007-2008 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2008-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. 2011-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшесі. 2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «10 жыл Астана», «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «20 лет МПА СНГ», «25 лет МПА СНГ», «Парламенттік ынтымақтастықты нығайтқаны үшін», «Теңгеге 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

56 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Мақашұлы ЖҰМАНҒАРИН дүниеге келді.

Фото: primeminister.kz

1993 жылы Мәскеу энергетика институтын «жылу физикасы» мамандығы бойынша, 1997 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы «Тынай» ШЖК коммерциялық директоры қызметінен бастады. 1994–1995 жылдары «Медкорп» ШЖК директоры болып жұмыс істеді. 1995-1998 жылдары «АСБ» ШЖК бас бухгалтері, директоры болды. 1998–2000 жылдары «Атырау МӨЗ» АҚ өкілдігінің директоры қызметін атқарды. 2000–2003 жылдары «Компания Global» ЖШС коммерциялық директоры. 2003–2004 жылдары – «Батыс Ойл Газ» Корпорациясы» ЖШС бас директоры. 2005–2006 жылдары – Ақтөбе қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары. 2006 жылғы сәуірде бастап желтоқсанға дейін – Ақтөбе қаласының Кәсіпкерлік бөлімінің бастығы. 2006–2007 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары. 2007–2008 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқарма бастығы. 2008 жылғы наурыздан маусымға дейін – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры. 2008 жылғы маусымнан 2010 жылғы сәуірге дейін – ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаменті директоры. 2010 жылғы сәуірден маусымға дейін – «Қазақстандық Келісімшарт агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. 2010 жылғы шілдеден 2011 жылғы қарашаға дейін – «NadLoc» жергiлiктi қамтуды дамыту жөнiндегi ұлттық агенттiгі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары. 2012 жылғы наурыздан шілдеге дейін – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры. 2012 жылғы шілдеден 2013 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму комитетінің төрағасы. 2013 жылғы қаңтардан 2014 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму вице-министрі лауазымдарын атқарды. 2014 жылғы тамыздан 2017 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымын атқарды. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі (2017-2019). Еуразия экономикалық комиссиясының Бәсеке және монополияға қарсы реттеу алқасының мүшесі (2019-2020). Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы (2020-2022).

2024 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.

48 жыл бұрын (1977) Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Абдоллаұлы ШАЙЖАНОВ дүниеге келді.

Фото: instagram.com/jezkazgan_akimdigi

Қарағанды облысы (қазіргі Ұлытау облысы) Жаңаарқа ауданы Атасу ауылында туған. Қарағанды ​​мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды ​​экономикалық университетін бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы бастады. Осы жылдар ішінде кәсіпкерлік саласында, түрлі мемлекеттік қызметтерде қызмет етті. 2009-2013 жылдары Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары болған. 2015-2018 жылдары Қарағанды ​​облысы Осакаров ауданының әкімі қызметін атқарған.

2019-2022 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «NANOTS» КЕАҚ Активтерді басқару департаментінің директоры қызметін атқарды.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың маусым айынан бері атқарып келеді.

46 жыл бұрын (1979) «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Нұрболат Серғалиұлы АЙДАПКЕЛОВ дүниеге келді.

Фото: baiterek.gov.kz

Жамбыл облысында туған. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Заңтану» мамандығы бойынша тәмамдады.

2001 жылдың қаңтар айынан 2003 жылдың қараша айына дейін ҚР Статистика агенттігінің «Ақпараттық-есептеу орталығында» РМҚ жұмыс істеді. 2003-2007 жылдары аралығында «Мемлекеттік экспорттық кредиттер және инвестицияларды сақтандыру корпорациясы» АҚ бас маманы, Қаржы департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2007-2008 жылдары «ҚазАгро «ҰҚ» АҚ басқарушы директор. 2008-2009 жылдары «ҚазАгроГарант» АҚ басқарма төрағасы. 2009 жылдың шілдесінен бастап желтоқсанға дейін «Astana Knowledge City» АҚ консультанты. 2009-2011 жылдары ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары. 2011-2013 жылдары ҚР Статистика агеттігінің жауапты хатшысы, 2013-2014 жылдары ҚР Статистика агенттігі Әлеуметтік және демографиялық статистика департаментінің директоры. 2015 жылдың қаңтар айынан 2016 жылдың мамыр айына дейін түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды. 2016 -2020 жылдары –Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы (2020-2022).

2025 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгісімен марапатталған.

39 жыл бұрын (1986) ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Жасұлан Бірлікұлы СӘРСЕБАЕВ дүниеге келді.

Фото:gov.kz

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Аягөз қаласында дүниеге келген.

2008 жылы Қазақ гуманитарлық-заңгерлік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдады. 2006-2008 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының «Жас заңгерлер Қазақстандық Қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Семей қаласы бойынша филиалының директоры. 2008-2009 жылдары Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының діни бірлестіктер және саяси партиялармен жұмыс бойынша бөлімнің бас маманы. 2009-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының діни бірлестіктер және саяси партиялармен жұмыс бойынша бөлімнің басшысы. 2011-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары. 2012-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы. 2015 жылы - Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары. 2015-2019 жылдары Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы. 2019 жылдың 9 қаңтардан тамызға дейін ШҚО әкімінің аппарат басшысы. 2019-2022 жылдары ШҚО Ішкі саясат басқармасы басшысы.

2025 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.