22 тамызда ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 22 тамызда атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің солтүстігінде, орталықта, шығыста жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алматы, Павлодар, күндіз Жамбыл, Түркістан,Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/скүшейеді.

Павлодар облысыныңкей жерлерінде дауыл, Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл соғуыықтимал.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлеріндетұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін, Солтүстік Қазақстаноблыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріндежел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, Қарағанды облысының кей жерлерінде дауылтұрады. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде жәнетаңертең кей жерлерінде тұман түседі.

Күндіз Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарындақатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында,Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде,Павлодар, Атырау облыстарының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупісақталады.

Соңғы жаңалықтар