Мамандардың айтуынша, американдық бұл әйелді дене бітімінің үлкен болмауы аман қалуына әсер етті. Пойыз машинсті құрамды шұғыл тоқтатып, Хорн үшін жедел жәрдем қызметін шақыртты. Абырой болғанда, дәрігерлер әйелдің денесінен еш жарақатты таппады. Жергілікті полицияның анықтауынша, Линсей Хорн темір жол бойында алкогольдік ішімдікке масайып ұйықтап қалған көрінеді. Осы орайда оның бұл әрекеті тауарлық құрамның қозғалысына кедергі келтіргендіктен, азаматшаға бұзақылық айыбы тағылды.
18:57, 08 Маусым 2014
22 жастағы әйел үстінен пойыз жүріп өткеннен кейін аман қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алабама тұрғыны үстінен пойыз жүріп өткеннен кейін аман қалды. 22 жастағы Линсей Хорн теміржол рельстерінің арасында ұйықтап қалған және оның үстінен тауарлы жүк пойызынан өткенде еш зақым келмеген.