«Бұл туралы айту маған өте ауыр. Бүгін «Мисс Қырғызстан» титулының иегері Жібек Нүкеева қайтыс болды. Ол небәрі 22 жаста. Жібек ақжарқын, әдемі қыз біз алғаш танысқан күні-ақ өзінің салмақтылығымен, нәзіктігімен тәнті еткен еді. Дертінің ауырлығына қарамастан өмірден үмітін үзбей Италия, Түркия, Израилдің танымал клиникаларында ем қабылдады. Ол өмірді шексіз сүйді, - деп жазды қоғамдық белсенді Ассоль Молдокматова өзінің Фейсбуктегі парақшасында.
БАҚ таралған мәліметтерге қарағанда, Қырғызстан сұлулық байқауының жеңімпазы және "Әлем аруы - 2013" қатысушысы Жібек Нүкеева соңғы жылдары ұзаққа созылған қатерлі ісікпен ауырды. Оған ауруы туралы диагноз 2016 жылы қыркүйекте жүктіліктің жетінші айында қойылған. Ауруына қарамастан Жібек өмірге Иман атты сәби алып келді.