22 жастағы Өзбекстанда туған қыз әлемнің үздік моделдері қатарына енді

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанда туған 22 жастағы Ирина Шарапова Лондонда Victoria's Secret бренді ұйымдастырған шоуға қатысып, әлемнің супермоделі үздік тобына енді, деп жазады Podrobno.uz.

«Ол үшін бұл сайысқа қатысу актерлердің «Оскар» сыйлығына ұмтылуымен бірдей болды. Иринамен бірге подиумға әлемнің ең таныман моделдері де көтерілді» деп жазады ақпарат көзі.

Ирина 1992 жылы Бұқарада дүниеге келген. Ол анасымен бірге 7 жасында Татарстанға көшіп кеткен. Кейін Қазан мемлекеттік технология университетінің сән және дизайн факультетіне түсіп, студент атанған. Ол әлі аталған оқу орнының студенті. Қазіргі ісіне байланысты академиялық демалыс алуына тура келген. Бұған дейін Ирина «Мисс Татарстан -2010», «Ресейдің бірінші вице-мисі -2010» титулдарын жеңіп алған. Соңғы жылдары Ирина Нью-Йоркте тұрады. Ол онда танымал Woman Model Management агенттігімен бірге жұмыс жасайды.