22 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 22 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.

10.00-де Астана қаласының сотында Е. Біртанов пен О. Әбішев ісі бойынша аппеляциялық сот отырысы өтеді.

11.00-де Эталон орталығында республиканың барлық оқу орындарының орта және жоғары сынып оқушылары арасында стандарттарды әзірлеу бойынша олимпиада жеңімпаздарын марапаттау өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Балалар жылын ақпараттық қолдау шаралары туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Баймульдинов; ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы Қанат Ысқақов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

16.00-де Бас прокуратурада 2022 жылғы прокуратура органдарының қадағалау қызметінің қорытындыларына арналған брифинг өтеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Шәмші» мюзиклі көрсетіледі.

19.00-де «Астана Балет» театрында «Щелкунчик» балеті ұсынылады.


Фото: images.squarespace-cdn.com