ЕСІМДЕР
Жәңгір мектебін, Санкт-Петербургтегі Император университетінің Шығыс факультетін тәмамдаған. 1887 жылы ғылым кандидаты атағын алып, көп уақыт Бакудегі түрлі сайланбалы жауапты жұмыстарда болды.
Б.Құлманов 1906-1907 жылдары І Мемлекеттік және ІІ Мемлекеттік Думаларға Ішкі орда қазақтарынан депутат болып сайланып, мұсылман фракциясын басқарған. 1917 жылғы сәуірдің 23-інен желтоқсанның 2-сіне дейін Бөкей ордасындағы уақытша үкіметтің комиссары болды. 1917 жылғы желтоқсанның 3-7 аралығында Орынборда өткен жалпықазақ съезінде президиум басқарып, Алашорда үкіметінің төрағалығына Ә.Бөкейхановпен бірге ұсынылды.
Ол Алматы облысында туған. 1975 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірді. 1991 жылы Францияда (Парижде) «Нарықтық экономикадағы аудиторлық қызмет» мамандығы бойынша білім алды.
Экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолы: Алматы облыстық қаржы басқармасында аға экономист (1975 - 1976); ГДР-дағы Кеңес әскерлері тобының құрамында әскери қызметте (1976 - 1977); Алматы облыстық қаржы басқармасында аға экономист (1977 - 1979); Алматы облысы Балқаш ауданының «Тыңға 25 жыл» кеңшарында бас экономист, Алматы облыстық суармалы жерлерді игеру басқармасының жоспарлау-экономика бөлімінің бастығы (1979 - 1984); Қаржы министрлігінің аға бақылаушы-тексерушісі, бас бақылаушы-тексерушісі, ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары (1984 - 1992); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің басқарма бастығы, алқа мүшесі (1992 - 1996); ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекетаралық қатынастар басқармасының бастығы (1996 жылғы ақпан - сәуір); Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (1996 - 1998); Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі (1998 - 2000); ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары (2000 - 2002); ҚР Президенті Әкімшілігінің Бас бақылау инспекциясының басшысы (2002); Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы (2002 жылғы шілде - 2003 жылғы маусым); Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы (2003 - 2012); бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған (2012-2016). Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (2016-2021).
«Құрмет» орденімен (2004), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерекелік медальдарымен, III дәрежелі «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалімен (2011), «Парасат» орденімен (2012), II дәрежелі «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалімен (2012), I дәрежелі «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалімен (2014) марапатталған.
Қазақ мемлекеттік университетін журналист, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің «Қазақстан» баспасында кадрлар жөніндегі аға инспектор, корректор, редактор, аға редактор (1981-1989); Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Қазақ телеграф агенттігінің аудармашысы (1989-1990); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Аппаратының Актілерді жариялау бөлімінің аға консультанты, Редакциялық-баспа бөлімінің аға референті, консультанты (1990-1995); Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Редакциялық-баспа бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары (1995-2000). Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Редакциялау және аударма бөлімінің меңгерушісі (2000-2022).
Қазіргі қызметінде 2022 жылдың маусымынан бастап еңбек етеді.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, бес мерекелік медальмен және Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Парламентаралық Ассамблеясының Құрмет грамотасымен марапатталған.
«Баспа және полиграфия ісінің қайраткері», «Мәдениет қайраткері» құрметті атақтары бар.
Қарағанды облысында туған. 1991 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
1991 жылғы қыркүйек - 2012 жылғы ақпан аралығында прокуратура, әділет органдарында, мемлекеттік тергеу комитетінде қызмет еткен. Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған. 2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы (2014-2016); ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы (01.2016-06.2016). Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (2016-2021). Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, ТМ елдерінде Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңес төрағасы (2021-2022). Қазіргі қызметінде 2022 жылдың ақпанынан бастап.
«3-дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі» сыныптық шені бар. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Адмирал Кутузов» (2003), «300 лет Российскому флоту» медальдарымен марапатталған.
Петропавл қаласында туған. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің түлегі.
Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы сауда және экономика министрлігінің демпингке қарсы бақылау жөніндегі комитетінің ішкі нарығын қорғауда бас сарапшы ретінде бастады.
2002-2004 жылдары Қазақстан Республикасы сауда және индустрия министрлігінің сарапшы бақылауы және халықаралық қоғамдастық, сауда департаменті саясатының тарифтік және кедендік бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді.
2004-2008 жылдары кедендік-тарифтік бағдарлау бөлімінің басшысы, 2008-2010 жылдары сауда және индустрия министрлігінің сыртқы саяси даму департаментінің директоры қызметін атқарды.
2010-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі сыртқы сауда саясатын дамыту департаментінің директоры.
Қазіргі қызметін 2019 жылдан бастап атқарып келеді.
Бейжің Тіл және мәдениет институтын (Қытай 2001ж.); Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша (2002 ж.); Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша ( Мәскеу, 2004 ж.); MBA Hult international business school (Дубай 2013 ж.) бітірген.
Еңбек жолы: «ТопЮрАудит» ЖШС бас директорының орынбасары, Астана (2004-2005жж.); - Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің бас маманы, ҚР Индустрия және сауда министрлігі, Астана қ. (ақпан - тамыз 2005 ж.); - «Antarex» ЖШС негізін қалаушы, «Rafe» мейрамханалар желісі, Астана қ. (ақпан 2006 ж.); - Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасының сарапшысы, ҚР Президентінің Әкімшілігі, Астана қ. (2007-2013 жж.); - «Қасиетті Жол» қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы (2011 ж.); - Партия Төрағасының Бірінші орынбасары хатшылығы басшысының орынбасары - «Nur Otan» партиясының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі, «Nur Otan» партиясы, Астана қ. (2013-2015 жж.); - Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» КММ директоры (2017-2019ж.); - «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрайымы (2019 ж.); - Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының басшысы (2019 ж.). Сайланбалы қызметтері, депутаттық: «Nur Otan» партиясы Қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат (04.12.2020), Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жетінші шақырылымының депутаты (15.01.2021 бастап).
«Құрмет» орденімен (2019 жыл), «АСТАНА 20 жыл» мерейтойлық медалімен (2018 жыл) марапатталды.
Жамбыл облысында туған. Атырау мұнай және газ институтын бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Атырау қаласындағы қоғамдық ұйымдарда ерікті болып бастады. 2006 жылы «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» жастар қоғамдық ұйымының төрағасы, 2017 жылы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары болды. Түрлі жылдары Атырау облысы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары; Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2020-2021 жылдары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының басшысы. 2021-2022 жылдары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің директоры.
Қазіргі қызметінде 2022 жылдың маусым айынан бастап.