АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау облысы әкімінің білім грантын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.
Жиында жергілікті жердегі кадр тапшылығын шешу мақсатында облыс әкімінің 222 білім гранты бөлінді. Нақтырақ айтсақ, педагогика саласы бойынша - 178, медицина бойынша - 35, ауыл шаруашылығы бойынша - 9 талапкер әкім грантына ие болды.
Гранттан үміткер мектеп бітіруші түлектердің құжаттары сарапталған отырыстың қорытындысы бойынша облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қарамағындығаларға аймаққа қажетті кадрларды дайындау жұмысын алдын ала жоспарлау қажеттігін естеріне салды.
Грант иегерлері келесі аптада облыстық БАҚ-та жарияланады