ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті мекеменің бұрынғы бас есепшісі квазимемлекеттік сектор қызметкері бола тұра, 2021 жылғы желтоқсан мен 2023 жылғы мамыр аралығында салық төлеу желеуімен төлем құжаттарына жалған ақпарат енгізу арқылы жеке тұлғалардың есепшотына серіктестік қаражатын аударып, кейіннен өзіне қайтарып алғанын анықтады.
Мекемеден заңсыз иемденіп алған қаражатты ол жеке қажеттілігіне жұмсаған.
Бас есепшінің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан серіктестікке аса ірі мөлшерде 225 млн теңгеден астам сомаға материалдық шығын келген.
Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жарияланбайды.