23-25 қарашада еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, жел тұрады – синоптиктер болжамы

Қазақстанның басым бөлігі бұрынғыдай циклон ықпалында болып, елде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі: 23 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыста, 23-24 қараша күндері солтүстік-батыста, ал 24 қарашада – республиканың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: Pexels

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 25 қарашада елдің оңтүстік, оңтүстік-шығысында және орталығында күн райы біртіндеп жақсарып, жауын-шашын жаумайды.

Алдағы күндері республика бойынша жел жылдамдығының 15-28 м/с дейін күшейетіні болжанып отыр. 23 қарашада елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, 23-24 қараша күндері оңтүстік және оңтүстік-шығыста жел жылдамдығы 30 м/с және одан көп болуы ықтимал. Солтүстікте бұрқасын, көктайғақ болады.

Елдің батысында ауа температурасы түнде -15° - 2°-тан -8°- 8°-қа дейін жоғарылайды. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында ауа температурасының түнде - 3-15 °-қа дейін төмендейтіні болжанып отыр. Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде -6°- 5°-қа дейін, ал шығыста -10°- 3° аралығында төмендейді.