23 ақпанда елдегі қай жолдар жабық тұр

Фото: Максат Шагырбаев / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

Ауа райының нашарлауына байланысты келесі учаскелерде уақытша қозғалыс шектелді:

Ұлытау облысы

• «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 759-788-шақырымы (Жаңаарқа кенті — Қарағанды облысы шекарасы).

Ақмола облысы

• «Астана — Қорғалжың» автожолының 19-124-шақырымы (Астана — Қорғалжың ауылы);

• «Көкшетау — Атбасар» автожолының 47-184-шақырымы (Зеренді — Атбасар);

• «Астана — Қабанбай батыр — Нұра — Теміртау» автожолының 35-51-шақырымы;

• «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30-92-шақырымы («Жібек жолы» ПВП — Қарағанды облысы шекарасы).

Қарағанды облысы

• «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92-164-шақырымы (Ақмола облысы шекарасы — Теміртау БӨП);

• «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 788-906-шақырымы;

• «Қарағанды — Аягөз — Тарбағатай — Бұғаз» автожолының 17-217- шақырымы (Қарағанды — Қарқаралы);

• «Астана — Қабанбай батыр — Нұра — Теміртау» автожолының 51-266- шақырымы;

• «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 248-359-шақырымы (Атамекен — Ақсу-Аюлы);

• «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 970-1135-шақырымы (Қарағанды — Павлодар облысы шекарасы).

Павлодар облысы

• «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырымы;

• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 200-415-шақырымы (бірнеше учаске);

• «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 0-137-шақырымы.

«Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.

Шығыс Қазақстан облысы

Сонымен қатар Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Еске салайық, синоптиктер Қазақстанның 16 өңірінде және Астанада 23 ақпанда ауа райына байланысты ескерту жасады.