НҰР-СҰЛТАН
10.00-де Hilton Garden Inn Astana қонақ үйінде «Айналымдық экономикадағы пластик: өндіріс – қайта өңдеу – қайта пайдалану» атты конференция өтеді. Конференцияда ҚР ЭГТРМ, «Жасыл Даму» АҚ, Coca-Cola халықаралық қорының және т. б. өкілдері қатысады.
10.00-де «Sheraton» қонақ үйінде «Қазақстанда жастар корпусын дамыту жобасын іске асыру қорытындылары» дөңгелек үстелі өтеді.
10.00-де Әділет министрлігі Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірлесіп, мәжбүрлеп орындату саласындағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізеді.
10.30-да «Nur Otan» партиясының орталық аппаратында «Ерекше балалар. Мінез-құлықты қолданбалы талдауға кіріспе: проблемалы мінез-құлықты түзету қағидалары мен аутизм спектріндегі бұзылыстар және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларды үйрету стратегиялары» атты кітабының тұсаукесері өтеді. Бұл – мінез-құлықты қолданбалы талдау (ABA) туралы қазақ тіліне аударылған бірінші кітап.
12.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Еуразия» спорт кешенінде халықаралық деңгейдегі скаладром ашылады.
12.00-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту» тақырыбында сарапшылардың баспасөз мәслихаты өтеді. Кездесуге Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Қасенов Жаслан Серікұлы; Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Шаңғытбаев Абай Мұхтарұлы; Электр энергетикасын даму департаментінің директоры Дәрібаев Айдос Нағимадинұлы; Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Құланбай Абай Құланбайұлы; «KEGOC» АҚ жүйелік қызметтер және Ұлттық энергетикалық желілерді дамыту жөніндегі Басқарушы директоры Мұқатов Бекжан Батырұлы қатысады. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының қорытындысы туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюков; ҚР ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.