ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында 23 ақпан күні қазақстандықтар үш спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
Олимпиада ойындарының жарыс кестесіне сәйкес, қазақстандық спортшылар ертең, яғни 23 ақпанда мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру және биатлоннан жарысқа шығады.
Мәнерлеп сырғанау
Әйелдер, еркін бағдарлама
Басталуы Астана уақытымен 7:00 -де
Қатысушы - Элизабет Тұрсынбаева
Коньки спорты
Ерлер, 1000 м
Басталуы Астана уақытымен 16:00
Қатысушылар - Денис Кузин, Станислав Палкин, Федер Мезенцев
Биатлон
Ерлер, 4x7.5 эстафета.
Басталуы 17:15
Қатысушылар - Василий Подкорытов, Максим Браун, Роман Еремин, , Владислав Витенко.
Фото: Данияр Майлыбаев
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.