23 қаңтар күні Алматы мектептері мен колледждерінде сабақ болмайды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде 1-ауысымдағы сабақтар болмайды.

Фото: freepik.com

«Қала мектептері мен колледждерінде түні бойы халықты қабылдау пункттері жұмыс істеуіне байланысты, 23 қаңтар күні Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде 1-ауысымдағы сабақтар болмайды. Балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді, балаларды әкелу - ата-аналардың қалауы бойынша»,- деп хабарлады Алматы қалалық білім басқармасынан.

Еске салайық, түнде Алматыда 5 балл деңгейінде жер сілкінді. Алматылықтардың айтуынша, жерасты дүмпуі осы жолы қатты сезілді. Ұзақ уақыт бойы шайқалған. Тұрығындар үрейленіп, үйінен көшеге, далаға шықты.

Кейін Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Алматыда жақын уақытта күшті және жойқын жер сілкінісі күтілмейтінін жеткізді.