23 қаңтар. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 23 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.



ЕСІМДЕР

57 жыл бұрын (1962) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының домбыра кафедрасының доценті, күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Нариманқызы ҮЛКЕНБАЕВА дүниеге келді.

Атырау облысы Исатай ауданы Чапаев ауылында туған. Алматы қаласындағы музыка училищесін (1981, педагогы Т.Бәділов), одан кейін Алматы мемлекеттік консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) халық аспаптары факультетін (1986, профессор А.Т. Жайымовтың жетекшілігімен) бітірген. 1989-1991 жылдары осы консерваторияның ассистентура-стажировкасынан өтті. Шығармашылық еңбек жолын оқып жүрген кезінен Қазақтың академиялық халық аспаптар оркестрі құрамында (1979-1989) домбырашы болумен бастаған Үлкенбаева соло-орындаушыға дейінгі үздік кәсіптік-шеберлік биігіне көтерілді. Оның репертуарында халық күйлері («Ақсақ құлан», «Ел айрылған», т.б.), қазақтың халық композиторлары (Дәулеткерей, Дина Нұрпейісова, Қазанғап, Құрманғазы, Махамбет, сондай-ақ маңғыстаулық күйшілер: Есбай, Есір, Құлшар, Өскенбай, т.б.), осы заманғы композиторлар (Н.Тілендиевтің «Аққуы», А.Жайымовтың «Күй анасы» мен «Шалқымасы») шығармалары мен шет ел классикалық туындылары бар. 1993 жылдан Қазақ ұлттық консерваториясында (2002 жылдан доцент) және 2006 жылдан «Айгүл Үлкенбаеваның мектеп-студиясында» (өзі ұйымдастырған) ұстаздық қызметпен айналысады.

48 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының директоры Мариан Асарқызы ӘБІШЕВА дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия бөлімін бітірген. 1995 жылдан - Алматы теміржол көлігі инженерлері институтында философия және әлеуметтану кафедрасының ассистенті. 1995-1996 жылдары - Алматы мемлекеттік медицина институтында қоғамдық пәндер кафедрасының ассистенті. 1997-2005 жылдары - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халықаралық байланыстар басқармасында І санатты маман, халықаралық байланыстар бөлімінің жетекші маманы, халықаралық ғылыми-мәдени байланыстар бөлімінің бастығы. 2005 жылғы ақпаннан - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында ғалым-хатшы. 2005 жылдан ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары болды. 2014-2015 жылдары ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының халықаралық және ұлттық жобалар қызметінің жетекшісі болған.

Қазіргі қызметінде - 2015 жылдан бері.

45 жыл бұрын (1974) Алматы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мақсұт Пернебайұлы ИСАҚОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы Шардара ауданы Қазақстан ауылында туған. 1996 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын «экономист - ауыл шаруашылығы өнімдерін ұйымдастыру» мамандығымен, 1999 жылы Д.А.Қонаев атындағы гуманитарлық институтты «заңгер» мамандығымен бітіріп шықты.

1996-2000 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ІІД Қылмыстық іздеу басқармасының ішкі істер органдарында қызмет атқарды. 2000-2005 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бас кеден басқармасының маманы, аға, бас маманы, 2005-2005 жылдары - Алматы облысы «Достық» кеденінің кедендік рәсімдеу бөлімінің бас маманы. 2005-2006 жылдары - Алматы облысы «Достық» кеденінің кедендік рәсімдеу бөлімі бастығының орынбасары. 2006 жылы - Алматы облысы, «Достық» кеденінің кедендік рәсімдеу бөлімінің бастығы, Кедендік бақылау департаментінің Контрабандамен күрес басқармасы тергеу ісі және экономикалық қылмыспен күрес бөлімінің маман-тергеушісі, «Әуежай - Астана» кеден бекетінің бас маманы, 2006-2007 жылдары - «Қарағанды - кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінің бастығы, 2008 жылы - «Бірлестік» ШҚ басқарушы директоры, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Мемлекеттік сатып алулар және жабдықтау басқармасы бастығының орынбасары, 2008-2009 жылдары - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Мемлекеттік сатып алулар және жабдықтау басқармасының бастығы, 2009-2010 жылдары - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Мемлекеттік сатып алулар және жабдықтау бойынша атқарушы директоры, 2010-2011 жылдары - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ - «Жаңа импортты алмастыратын өндірісті дамыту орталығы» филиалының директоры, 2011-2012 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары болған.

2012 жылғы 26 қаңтарда «ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ бастығы лауазымына тағайындалды. 2013-2014 жылдары Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, 2014-2017 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алулар комитеті төрағасының орынбасары, 2017-2018 жылдары Алматы қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың мамырынан.

44 жыл бұрын (1975) Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Рахметоллаұлы ӘБДІРАХЫМОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Неміс жоғары мемлекеттік басқару мектебін (Германия) бітірген. Еңбек жолы: Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде ассистент (1996-1997); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде бас маман, бөлім бастығы, төраға кеңесшісі (1999-2001); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (2001-2003); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы (2003-2005); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (2005 - 2008); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы (01.2008-10.2008); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы (2008-2012); Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы (Монополияға қарсы агенттік) (2012-2013). Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектері қауымдастығының президенті (2001-2008); Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы (2008 жылдан). 2013-2015 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары. 2015-2017 жылдары Шымкент қаласының әкімі, 2017-2018 жылдары «Нұр Отан» партиясының хатшысы болған.

Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың маусымынан.

«Құрмет» орденімен, «Астанаға 10 жыл» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.