23 қаңтарда Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
05:31, 23 Қаңтар 2019
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 23 қаңтар күні метеорологиялық жағдай еліміздің екі қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Астана және Орал қалаларында ауа сапасының нашарлайтыны күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.