9.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.
9.45-те «Қазанат» ипподромында қысқы кезеңге дайындық шеңберінде Астана қаласы Төтенше жағдай департаменті «Қыс – 2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізеді.
10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді.
10.00-де Астана қаласының әуежайында «Эйр Астана» компаниясының қысқы навигацияға дайындығы» тақырыбында баспасөз мәслихаты мен пресс-тур өтеді.
10.00-де «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» халықаралық науқаны қарсаңында Астана қаласындағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалында «Шынымды айтсам» интерактивті арт-инсталляциясы ашылады.
10.00-де Ұлттық академиялық кітапханада ҚР Әділет министрлігі мен ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты «Ұлттық заңнама жүйесіндегі теріс әрекет. Қазіргі қоғамдағы қылмыстық құқықбұзушылық және әкімшілік құқықбұзушылық ұғымдарының дамуы» атты конференция өткізеді.
10.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақ спорт журналистикасы: бүгіні және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Іс-шара көрнекті жазушы және журналист Сейдахмет Бердіқұловтың туғанына 90 жылдығына орай ұйымдастырылған.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. https://www.youtube.com/user/ortcomkz
https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
15.00-де Астана қаласының коммуникациялар қызметінде «Астана қаласы бойынша МӘМС жүйесінің жүзеге асырылуы: қаржыландыру, медициналық көмек, медсақтандыру» тақырыбында брифинг өтеді.
17.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жас ақын, аудармашы Алпамыс Файзолланың «Айдың аппақ жүрегі» атты шығармашылық кеші өтеді.
17.00-де ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Сарбаз сахнасы» ҚР ҚК шығармашылық ұжымдарының жыл сайынғы Бүкілармиялық фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мен гала-концерт өтеді.