Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерінде екпіні 23 м/с, тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 17-22 м/с болады. Ақмола, Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.
07:45, 23 Қараша 2016
23 қараша күні республиканың басым бөлігінде бұрқасын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, тек республиканың солтүстігі және шығысында тұрақсыз ауа райы болады, кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, қар жауып, бұрқасын күтіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.