69 жыл бұрын (1954) кинорежиссер, кинодраматург, Казақстанньң халық
әртісі Талғат Досымғалиұлы ТЕМЕНОВ дүниеге келді.
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясының театр бөлімін, Мәскеудегі бұрынғы КСРО Мемлекеттік кино жанындағы жоғары режиссерлер мен сценарийшілер курсын бітірген.
Талдықорған облыстық драма театры труппасының актері, «Қазақфильм» студиясында режиссердің көмекшісі әрі сценарийші, кинорежиссері, қоюшы кинорежиссері, «Мосфильм» студиясының кинорежиссері қызметтерін атқарған.
1994-2000 жылдары - Алматы мемлекеттік театр және кино институтының (Қазақ ұлттық өнер академиясы) ректоры. 2000-2004 жылдары - «Қазақфильм» кинокомпаниясының көркемдік жетекшісі. 2004 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрының директоры. 2014 жылдан Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі.
Алғаш қойған «Адамдар арасындағы бөлтірік» атты толық метражды көркем фильмі Франкфурт қаласында өткен XV Халықаралық кинофестивальдің Гран-при, Италияда «Күміс аю» жүлдесіне және Португалияда өткен Халықаралық кинофестивалінің арнайы жүлдесіне ие болды.
Оның өзі жазған сценарийі бойынша қойған көркем фильмдері қатарында «Шаңырақ», «Қайдасың сен, Чапай?», «Торо», «Адамдар арасындағы бөлтірік», «Қызғыш құс», «Махаббат бекеті». «Алма бағы», «Көгілдір такси» (С. Сматаевпен бірігіп) пьесалар жазған.
Тарихи тақырыпқа қойылған «Көшпенділер» фильміне режиссер ретінде қатысқан. «Қайырлы таң» және «Гүлназ», «Ой жасын» атты повестер мен әңгімелер жинағының авторы.
«Құрмет» орденімен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (1993).
65 жыл бұрын (1958) «Ахыска» түрік этномәдени орталығының президенті Зиятдин Исмиханұлы ҚАСАНОВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген.
Еңбек жолы: 1981-1995 жылдары - ҚазКСР мелиорация және су шаруашылығы министрлігі жүйесінде әртүрлі қызметтер атқарды. 1992 жылдан шетелдік капиталды тарта отырып, бірқатар ірі кәсіпорындар құрды. Өткен кезеңде ол «Kassanov Investment Group» брендімен әртүрлі салада 70-тен астам серпінді дамып отырған кәсіпорындарды біріктірді.
1999 жылдан «Ахыска» түрік этномәдени орталығының президенті.
«Құрмет» (2004) орденімен, 2005 жылы Еуропа жаратылыстану ғылымы академиясының «Алтын қыран» орденімен марапатталды, оған Еуропалық «Күн адамы» университетінің құрметті атағы берілген.
2006 жылы Түркияның «Түркі әлемінде халықаралық байланысты дамытуға, нығайтуға және сақтауға қосқан үлесі үшін» сыйлығы берілді.
61 жыл бұрын (1962) «Арселор Миттал Теміртау» АҚ басшысының м. а. Вадим Борисович БАСИН дүниеге келді.
Семей қаласында туған. 1985 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру» мамандығы бойынша, 1990 жылы Томск автоматтандырылған басқару жүйелері және радиоэлектроника институтын «Өнеркәсіптік электроника» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1986-1995 жылдары – металлургия комбинатында электромонтер. 1995-2003 жылдары – комбинаттың аглофабрика электр жабдығы бойынша цех бастығының орынбасары. 2003-2011 жылдары – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас энергетигі. 2011-2013 жылдары – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жөндеу жөніндегі директоры. 2013 жылы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жөндеу жөніндегі атқарушы директорының орынбасары болды. 2017-2021 жылдары – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры. 2021-2023 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың қазан айынан бастап атқарып келеді.
«Отан», «Құрмет» ордендерімен марапатталған. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие.
46 жыл бұрын (1977) ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Ерғали Қуандықұлы ЕГЕМБЕРДІ дүниеге келді.
Шымкент қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Дипломатиялық академияны бітірген, Бостон университетінің (АҚШ) түлегі. Саясаттану ғылымының кандидаты.
Еңбек жолы: 1998-2000 жылдары - Астана қаласы Қаржы басқармасының заңгері. 2000-2001 жылдары - Астана қаласы әкімдігі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы. 2001-2002 жылдары - «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймағы Бас дирекциясының мониторинг есебі және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, Астана қаласы әкімдігінің Сауда басқармасы бастығының орынбасары. 2002-2003 жылдары - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпарат комитетінің Бухгалтерлік есеп, ұйымдастыру және құқықтық жұмыс басқармасы Заң және кадр жұмысы бөлімінің бастығы. 2004 жылы - Астана қаласы Тұрғын үй департаменті бастығының орынбасары. 2004-2006 жылдары - Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары. 2006-2007 жылдары - Қарағанды облысы Біржолғы талондар беру басқармасының бастығы. 2007-2008 жылдары - Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары. 2008-2009 жылдары - Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі. 2009-2010 жылдары - Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы. 2010-2012 жылдары - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы. 2012 жылы - ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының басшысы. 2012-2013 жылдары - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2014 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары болған. 2017-2018 жылдары - Астана қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы. 2018-2019 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2019 жылы Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі қызметін атқарды. 2019-2020 жылдары - Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының әкімі. 2020-2022 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2022-2023 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2023 жылдың мамырынан бері қазіргі қызметінде.
44 жыл бұрын (1978) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі Руслан Әкімжанұлы АҢБАЕВ дүниеге келді.
СҚО Тимирязев ауданы Целинное елді мекенінде туған. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы - экономист-менеджер, агроном және юриспруденция бакалавры.
Еңбек жолын 1999 жылы Тимирязев ауданында аудит бөлімінің аға салық инспекторы болып бастаған.
2002-2015 жылдары Есіл, Тайынша, Тимирязев аудандарында салық қызметінде түрлі лауазымдарды атқарды.
2015-2019 жылдары СҚО әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары болды. 2019-2020 жылдары Мамлют ауданын басқарса, 2020-2022 жылдары Тайынша ауданының әкімі болды. 2022-2023 жылдары - Петропавл қаласының әкімі.
2023 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.
69 жыл бұрын (1954-1995) таэквондодан қара белбеу жетінші даң иеленген қазақ, Қазақстан Республикасы таэквондо федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Мұстафа ӨЗТҮРІК дүниеге келген.
Ыстамбұлдағы орта мектепті бітіріп, Тайвандағы эксперименталды университетті және сол елдегі Халықаралық қатынастар университетінің журналистика факультетін қоса бітірген. Осы елде жүріп, корейдің көне спорт өнері таэквондоны үйренді.
Кейін Германияның Кельн, Мюнхен және Түркияның Ыстамбұл қалаларында өзінің таэквондо мектебін ашқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Алматыға келіп, таэквондо мектебін ашты.
2000 жылы Алматы қаласында Мұстафа Өзтүрік атына көше беріліп, ескерткіш белгі қойылды. 2004 жылы Мұстафа Өзтүріктің 50 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы облысы Талғар ауданының Бесағаш ауылында ескерткіші ашылды.