23 қарашаға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасында көлемді антициклон ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде, кей жерлерде тұман сақталады және жел күшейеді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан облысында, түнде Маңғыстау, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-ке күшейеді деп болжануда.

Жамбыл облысының бірқатар аумақтарында тұман түседі, жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.

Алдағы үш тәулікте Қызылорда облысының аумағында Сырдария өзенінде өзен арналарын реттеуге байланысты су көлемінің ұлғаюы байқалады. Батыс Алтайдың (ШҚО) көптеген өзендерінде су деңгейінің төмендеуі жалғасады. Қазақстанның көптеген өзендерінде су беті бірте-бірте салқындайды.