23 қазан күні Астанада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 23 қазанда болатын маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

Фото: Pixabay

АСТАНА
8:30-да Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы басталады.
10:00-де ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Қазақ мемлекеттілігінің бастаулары – Жошы ханнан қазіргі заманға дейін» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
10:00-де Астана қаласындағы триатлон паркінде елордадағы арнайы мақсаттағы бригада әскери қызметшілері Республика күніне орай жаппай жүгіру шарасын өткізеді.
13:00-де Қазақстан әйел-көшбасшыларының конференциясы өтеді.
15:00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы өтеді.
19.00-де Astana Opera театрында «Шамшырақ жарығындағы музыка» концерті өтеді.
19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Сәкен сұңқар» драмасы қойылады.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Қызжылаған» музыкалық драмасының премьерасы өтеді.