11.00-де Қазыбек би көшесі 5А мекенжайында Кіші Талдыкөл маңындағы тұрғындардың қатысуымен жиын өтеді. Онда «Талдыкөл» экосаябағы туралы, мектеп пен балабақшалар, инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы толық ақпарат беріледі.
13.00-де Қазмедиа орталығында «SAI» жапондық барабаншылар тобының концерті өтеді.
15.00-де Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Республика күніне арналған «Этникалық полифония» циклынан мерекелік концерт өтеді. Шараны Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырады.
18.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Қазақстан драма театрларының XXVIIІ республикалық фестивалінің жабылу салтанаты өтеді.
18.00-де «Астана Опера» театрының труппасы гастрольдік өнер көрсету аясында «Астана Балет» театрының сахнасында «Жизель» балет спектаклін ұсынады.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Театр әлемі» концерт-қойылымы өтеді.
19.00-де Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының концерт залында «Сағындырған әндер-ай» концерті қойылады.