ЕСІМДЕР
100 жыл бұрын (1922-1943) Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Жиенғалиқызы МӘМЕТОВА дүниеге келген.
Орал облысының (қазіргі Батыс Қазақстан) Орда ауданындағы Жасқұс ауылында туған. Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүктің балалық шағы Алматыда Ә. Мәметованың тәрбиесінде өтті. Алматы қаласындағы №28 мектепте оқыған. Мектепті бітіріп, медициналық рабфакта, Алматы медициналық институтында оқыды.
1942 ж. тамызда өз еркімен сұранып, Қызыл Армия қатарына алынды. Алғашында штаб песірі, кейіннен дала госпиталінде медбике болды. Институтта оқып жүргенде мергендікке үйренген Мәншүк бос кезінде «Максим» пулеметінің құрылысын зерттеді. Өзі сұранып, атқыштар дивизиясына қосылып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. 1943 жылғы 15 қазанда Калинин майданының әскерлері құрамында Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты. Денесі Невель қаласына жерленді. Батыр қызға қаза тапқаннан кейін, 1944 жылғы 1 наурызда СССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
59 жыл бұрын (1963) «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Қаныш Тәңірбергенұлы МОЛДАБАЕВ дүниеге келді.
Павлодар облысында дүниеге келген. Білімі 2016 – 2020 жж. – іскерлік әкімшілік ету докторы, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын, 2003 – 2004 жж. – мемлекеттік қызмет менеджері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын, 1999 – 2002 жж. - экономист-заңгер, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 1981 – 1987 жж. - инженер-электрик, Павлодар индустриалды институтын бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылғы тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданы электр желілерінің слесарі қызметінен бастады. 1987-1999 жылдары пайдалану мен жөндеуден бастап Павлодар облысы Баянауыл ауданының электр желілерінің бірінші басшысына дейін әр түрлі лауазымда жұмыс істеді. 1999-2003 жылдары Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2003-2004 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында оқыды. Оқуды аяқтағаннан кейін, 2004 жылдан 2007 жылға дейін Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасы басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. Содан кейін «KEGOC» АҚ-ға жұмысқа ауысты, 2007 жылдан бастап 2009 жылға дейін – «KEGOC» АҚ «Солтүстік ЖЭТ» филиалының директоры, 2009 жылдан бастап 2011 жылға дейін - ҰЭТ-ты дамыту департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2011 жылдан бастап 2012 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ Индустриялық активтерді басқару жөніндегі директоры болып жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап 2018 жылға дейін «Самұрық-Энерго» АҚ-да Инновациялық-технологиялық саясат және даму департаментінің директорынан, Даму және сату жөніндегі басқарушы директор-Басқарма мүшесінен бастап Басқарма төрағасының бірінші орынбасарына дейін түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап 2019 жылға дейін «Қазақстан атом электр станциялары» АҚ Бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2019-2021 жж. «Энергетика» секторының басшысы, «Самұрық-Қазына» АҚ Энергетикалық және тау-кен активтері дирекциясының директоры болып қызмет атқарды. 2021 жылғы сәуірден бастап «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарады.
«Құрмет» орденімен (2015ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001ж.) медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж.) медалімен, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасымен (2006ж.), «ТМД еңбек сіңірген энергетигі» атағымен (2010ж.) марапатталды.
57 жыл бұрын (1965) Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Асқар Ұзақбайұлы МАМИН дүниеге келді.
Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын бітірген, мамандығы бойынша инженер-құрылысшы, экономист.
Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінде монтажшы болып бастаған. Қазақстан инновациялық кәсіпорындар одағы директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарған. Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары (1996-2000), Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі (2000-2002), «Инком-Астана» ЖШС бас директоры (2002-2003), Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бірінші вице-министрі (2003-2004), Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі (2005-2006), Астана қаласының әкімі (2006-2008). 2008 - 2016 жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары (2016-2019) қызметтерін атқарды. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (2019-2022).
1998 жылы - «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2006 жылы - «Құрмет» орденімен, 2011 жылы - екінші дәрежелі «Барыс» орденімен, 2013 жылы - Француз Республикасының Құрметті легионы орденімен, 2014 жылы - Испания корольдігінің «Азаматтық еңбегі үшін» бірінші дәрежелі орденімен марапатталған. 2011 жылы - Астана қаласының Құрметті азаматы, 2012 жылы - Құрметті теміржолшы, 2013 жылы - Қазақстанның Құрметті құрылысшысы.
44 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының орынбасары Қанатай Жорабекұлы ДАЛМАТОВ дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институтын (2000); Орталық Азия университетін (магистратура) бітірген.
Еңбек қызметі: Зайсан шекара отряды шекара заставасы бастығының орынбасары, шекара бекеті бастығы, шекара заставасының бастығы; Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-басқару құрамы лауазымдарында қызмет еткен.
Қазіргі қызметін 2019 жылдың қазан айынан бастап атқарып келеді.
36 жыл бұрын (1986) Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Берікұлы БАЙКЕН дүниеге келген.
Қарағанды облысында туған. Қаз МЗУ Гуманитарлық заң колледжін (2005); Қазақ гуманитарлық заң университетін (2008); Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2010) бітірген.
Еңбек жолы: «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы м.а. (2008-2009); «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы (2009); «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы (2010); «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу бөлімінің бас маманы (2010); Астана қаласы әкімі аппараты әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы (2010-2013); Астана қаласы әкімінің бас инспекторы (2013); Астана қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы (2013-2016); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Хатшылығының сарапшысы (2016-2017); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2017-2019); Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі (2019); Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Аппарат басшысының орынбасары (2019). Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының әкімі (02.2022-09.2022).
Қазіргі лауазымын атқаруға 2022 жылдың қыркүйек айында кірісті.